kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Аты аңызға айналған ару!» әдеби-сазды кеші

2022 жылғы 09 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да КСРО Халық әртісі және Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Аты аңызға айналған ару!» әдеби-сазды кеші өтті.

Кеш қазақ халқының бұлбұл әншінің өмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру, оқырмандарымыздың оқуға деген құштарлығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.

Кешімізге Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова; қазақстандық ғалым-филолог, профессор Асылы Осман; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мұқағали Мақатаев сыйлығының иегері Гулшара Есетқызы; «Алматы ақшамы» газетінің журналисі Рая Ескендір қонақта болды.

Роза Бағланова – дәуірдің ұлттық символы, ол сахнаға 70 жыл өмір берді. Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы – халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің, сахнаға адалдықтың және көрерменге шексіз құрмет көрсетудің үлгісі. Әнші өзінің еңбек жолын Өзбек КСР Өзбек филармониясының мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде бастады, кейін Мәскеу консерваториясына жолдама алды, бірақ Ұлы Отан соғысының басталуымен ол ансамбльмен бірге майданға кетті. Бригада құрамында Қызыл Армия жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті: ол блиндаждарда, вокзалдарда, танктерде және ұшақтың қанаттарында ән айтқан.

Соғыстан кейін Роза Бағланова үлкен сахнаға оралды. Ол КСРО-да кеңінен танымал болған алғашқы қазақ әншісі болды.