kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Болашақ – білімді жастардың қолында»

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Оқу-ағарту министрлігі «Оқуға құштар  колледж» жобасын іске асыру аясында 2022 жылдың 13-15 қазан аралығында Алматы облысы, Қонаев қаласындағы «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлескен «Болашақ — білімді жастардың қолында» атты тақырыбында колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар өткізілді.

Семинарға біздің колледж кітапханашысы Тайшибекова Алия Саякбаевна қатысып өз біліктілігін арттырып, басқа кітапханашылармен іс-тәжірибе алмасып, семинарға қатысқанын растайтын сертификат алып келді.