kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Біздің оқытушы – 2022 ж. WKF каратэ-до ҚР чемпионатының қола жүлдегері

Қошанов Батырхан Нұртайұлы – Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы 08-09 қазанда Шымкент қаласында өткен WKF каратэ-до бойынша ҚР Чемпионатына қатысты. Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен мықты спортшылар келді. Батырхан Нұртайұлы 5 жекпе-жек өткізіп, жартылай финалда ғана қарсыласынан жеңіліп қалды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Батырхан Нұртайұлы үшінші жүлделі орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

Колледж әкімшілігі, оқытушылар, сондай-ақ студенттер Батырхан Нұртайұлыны 2022 жылғы ҚР чемпионатының WKF каратэ-до қола жүлдегері жаңа атағымен құттықтайды! Біз Сіздерді мақтан тұтамыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!