Диплом тапсыру салтанаты

2022 жылдың 2 және 5 шілдесінде «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» топтарының түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті.
Шара барысында м.ғ.д., колледж директоры Актаева Лязат Мейрашевна өзінің жылы лебізін білдіре отырып, түлектерді құттықтап сөз сөйледі. Бүгін біздің колледждің түлектері мен оқытушылары үшін ерекше күн! Сіздер ересек өмірлеріңіздің жаңа бетін ашудасыздар. Колледжбен бірге білім мен практикалық дағдыларды алудың ұзақ жолынан өтіп, қалаған мақсаттарыңызға жақындадыңыздар. Сіздер осы сәтке дейін көп еңбектендіңіздер: бірнеше жыл бойы колледж табалдырығында білім мен тәрбиені бойларыңызға ұштастыра отырып, қаншама дәрістер мен практика, емтихандардан өттіңіздер. Ал қазір міне, біздің алдымызда кешегі студенттер, қазір Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК түлектері, өздерінің жарқын болашақтарын құру үшін түлеп ұшуда. Біз сіздердің алған білімдеріңіздің табысты мансап құрудың берік негізі болатынына сенімдіміз!
Құрметті түлектер! Сіздердің өмірлеріңіздің келесі кезеңі өтті. Енді сіздер ересек өмірге еніп, одан да көп жауапкершілік пен тәуелсіздікке ие болуларыңыз қажет. Колледж қабырғасында пайда болған достықтарыңызды сақтарсыздар! Сіздердің Колледждеріңіздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық!