kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Үздік орта медицина қызметкері-2022» байқауы

2022 жылдың 28 сәуірінде Халықаралық мейірбике күнін мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ «Мейірбике ісіндегі білім, ғылым және тәжірибенің үштұғырлығы» жол картасы іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында қалалық байқау өтті. Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Үздік орта медицина қызметкері-2022» Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК базасында өтті.

Бұл шара мұндай форматта алғаш рет өткізіліп отырғанымен ерекше. Жарысқа Алматы қаласының медбикелері, акушерлері мен фельдшерлері қатысып, симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттер орталығының төрт станциясында бақ сынады:
– көктамыр ішіне енгізу;
– иммобилизация;
– Жүрек-өкпе реанимациясы;
– Жасырын тапсырмалар.
«Үздік орта медицина қызметкері-2022» байқауы медицина қоғамдастығында орта буын медицина қызметкері мамандығының мәртебесін көтеруге бағытталған, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы кәсіби байқаулар дәстүрін жалғастыруға бағытталған.