kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы»

2022 жылдың 31 наурызында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» циклдік әдістемелік комиссиясының оқытушысы Тажиев Ербол Елғондыұлы «Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты ашық тәрбие сабақ өткізді.

Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог – ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, тәрбиеленушілердің рухани құндылығын арттыру, шығармашылыққа баулу, үлгі алуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу, танымдық деңгейін көтеру.