kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ұлағатты ұстаз

“Өзіңе адал бол. Білім алушыларға адал бол. Антыңа адал бол – бұл менің өмірлік ұстанымым”
Ембергенов Мазимбай Бакеевич

31.03.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК “Парасаттылық сағаты” тақырыбында, адал қызмет атқарып үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын көрсету, патриоттық сананы ынталандыру, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында “Sanaly Urpaq” клубының мүшелері іс-шара өткізді.

Бүгінгі қадірлі қонағымыз: Ұлағатты ұстаз, 30 жылға жуық Жоғары медициналық колледжінде қызмет атқарып, көптеген шәкірттерге ұстаз болған Ембергенов Мазимбай Бакеевич.

«Адалдық-адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адал істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.