kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Алматы қаласында АИТВ-ны бірге тоқтатайық!»

2021 жылдың 9 желтоқсаны күні Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-ға Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Алматы қаласында АИТВ-ны бірге тоқтатайық!» тақырыбы аясында өткізілген акцияға белсене қатысқандары үшін Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығынан білім мекемеміздің студенттері мен басшылығына алғыс хат берілді.

Еңбегіміздің еленуіне өз үлесін қосқан белсенді білім алушыларымызға алғыс білдіре келе, барлықтарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас талап-жігер, сарқылмас өмірлік қуат пен амандықты тілейміз! Ұжымымызды құттықтаймыз!