kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Сыбайлас жемқорлық – халықаралық проблема»

2021 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК 1-4 курс білім алушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – халықаралық проблема», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында қоғамның діліндегі өзгерістерге қалай қол жеткізуге болады?», «Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыптарында кураторлық сағаттары өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын ілгерілету және қолдау. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану. Барша студенттерге алғыс білдіре келе, жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!