kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы

Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК 1-2 курс студенттерінің қатысуымен қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог, ақын, этнограф, фольклоршы, ғалым – Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай кураторлық тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттың негізгі мақсаты – дана Ыбырайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.

Ақын шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасын емес, жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады.

Кураторлық сабақ барысында Ы.Алтынсарин өзінің шығармалары арқылы келешек ұрпаққа не айтқысы келгендігі талданып, әр шығармасының тереңгі мағынасына тоқталу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер конференция барысында Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқып, өмірін баяндап  берді.

Ұлы тұлғаның 180 жылдығын атап өту, біздің еліміздің әлемге танылуына тың серпін беретіні айқын. Мереке құтты болсын!