kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Тіл – халық қазынасы» қалалық байқауы

2021 жылдың 30 қыркүйегінде №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің базасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл – халық қазынасы» қалалық байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға Алматы қаласының 19 колледжінің студенттері қатысты. Біздің колледж атынан Мошнякова Анель ұсынылып, қажырлы еңбек пен білімінің тереңдігінің нәтижесінде 1 орынға ие болды!

Анельді Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК әкімшілігі және оқытушылар, студенттер жеңісімен құттықтайды және мақтан тұтады. Сондай – ақ жетекшісі – Айгүл Серікболқызы Қонақбаеваны жеңісімен құттықтайды!