kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Елінің даңқын асқақтатқан қазақ әйелдері

21.05.2021ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білімгерлерімен Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қайраткерлерінің төл мерекесіне орай «Елінің даңқын асқақтатқан қазақ әйелдері» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты: білім алушыларды Қазақстанның мәдени мұрасы мен игілігіне тарту. Отанға деген терең патриоттық сезімді, мейірімділікті, мақтанышты, құрметті қалыптастыру.

Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Хадиша Бөкеева, Фариза Оңғарсынова және де тағы да басқа біздің ардақты аналарымыз туралы көптеген мәліметтер жинақталды,видеороликтер және де өнер жайлы, мәдениет қайраткерлері жайлы өлеңдер оқылды.

Ұйымдастырушылар: К.Д. Абдрахманова және А.Д.Алимгазина.