kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

03.05.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Отан оттан да ыстық» тақырыбында колледж студенттері арасында әлеуметтік желілерде флэш-моб ұйымдастырылды. Колледж студенттері құттықтау сөздері мен ер азаматтарға арналған тілектерін білдірді.

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!