kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ата-анаға қамқорлық жасау – адамның жоғары мәдениетінің белгісі

29.04.2021 ж Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білімгерлерімен «Ата-анаға қамқорлық жасау – адамның жоғары мәдениетінің белгісі» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Ұйымдастырушылар: Тәрбие және әлеуметтік бөлімінің жетекшісі Каштаева Шолпан Елемесовна, әлеуметтік педагог Бейсембаева Шынар Кумарбековна, колледж психологы Сыдыкова Галия Нуракыновна.

Іс-шараның мақсаты:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ата-ана алдындағы ідептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу – өмірді құрметтеу. «Ата-анаға қамқорлық жасау – адамның жоғары мәдениетінің белгісі» туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау болып табылады.