kk
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

КМК студенттері «Спорт-бұл өмір» атты челленджін бастады!

Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері «Спорт-бұл өмір» атты челленджін бастады! Челлендждің негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Салауатты өмір салтын ұстанатын адам, әдетте, жақсы төзімділікке, сымбатты дене бітіміне және табандылыққа ие. Физикалық жаттығулар иммундық жүйеге және психологиялық белсенділікке жағымды әсер етеді.

Сондықтан, салауатты өмір салтын таңдап, челленджді жалғастыруға шақырамыз!