kk
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жылдың үздік студенті»

Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 2 курс, 19-3 «МІ» топ студенті Дәулетқызы Ақмаржан «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» ҚР Мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында өткен «Жылдың үздік студенті» атты республикалық байқауға қатысып, ҚР жастар саясатына қосқан үлесі және дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті үшін жеңімпаз атанды.

Байқауға республикадан 400 студент құжаттарын жолдап, ішінен үздік деп танылған 100 автордың жұмыстары жинаққа енгізілген болатын. Колледжіміздің студенті төсбелгі, I дәрежелі диплом иеленіп, байқаудың материалдар жинағына енді. Қазірде Ақмаржан Студенттік кеңес құрамында, колледжіміздің белсенді студенттерінің бірі.