kk
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Кәсіптік білім беру сапасын арттыру факторы ретінде құзыреттілік тәсілді енгізу

Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 2021 жылғы 27 қаңтарда «КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛДІ ЕНГІЗУ» тақырыбында педагогикалық оқуларын өткізді.

Педагогикалық оқулардың мақсаты – әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру шеңберінде колледждің педагогикалық қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу; Педагогтің кәсіби деңгейін арттыру, үздік педагогикалық және инновациялық тәжірибені анықтау және танымал ету; колледждің педагогикалық қызметкерлерінің портфолиосын жинақтау үшін жағдай жасау.

Педагогикалық оқулардың міндеттері: педагог қызметкерлердің өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау; білім беру процесіне озық педагогикалық және инновациялық тәжірибені енгізуге жәрдемдесу.

Педагогикалық оқуларда 24 педагог баяндама жасады, шығармашылық атмосферасын құру, білім алушылардың таланттарын дамыту, зерттеу қызметіне қызығушылықты ояту мәселелері талқыланды, инновациялық тәжірибемен, біліктілікті арттыру курстарында алған білімдерімен бөлісті, білім беру технологиялары туралы айтты, білім беру және тәрбиелеу процесі туралы өз көзқарастарын білдірді. Педагогикалық оқулар тек жас және жаңа бастаған мұғалімдер үшін ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын мұғалімдер үшін де маңызды.