kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Хабарландыру

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 149-бабы 1-тармағының екінші бөлімінің 1-1) тармақшасына, «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесі 2023 жылғы 22 маусымнан бастап басшы (директор) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы: Алматы қаласы, Чайкина көшесі 12А, телефон 8/727/387-10-11, e-mail: acollege@yandex.kz

Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы:

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медициналық колледжі» коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны болып табылады. Колледж 7 медициналық мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:

  • «Мейіргер ісі»;
  • «Емдеу ісі»;
  • «Зертханалық диагностика»;
  • «Фармация»;
  • «Стоматология»;
  • «Ортопедиялық стоматология»;
  • «Гигиена және эпидемиология».

Колледжде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Оқу-әдістемелік орталығы жұмыс істейді.

Басшының негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Ұйымға мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта өкілдік етеді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті»  («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік (немесе сертификат);
  • немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
  • басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысуға өтінім;
  2. еркікті формада ұсынылған өмірбаян;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе еңбек өтілін растайтын өзге де құжат;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у формасындағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін acollege@yandex.kz электронды поштасына құжаттарды электронды түрде тапсыру қажет.

Құжаттардың түпнұсқасы сұхбаттасу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, адам сұхбаттан өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: құжаттарды қабылдаудың басталу күні конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, тиісті облыстың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет – ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Объявление

В соответствии с подпунктом 1-1) части второй пункта 1 статьи 149 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе», приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 мая 2020 года № ҚР ДСМ-58/2020 «Об утверждении Правил проведения конкурса на вакантную должность руководителя, единолично осуществляющего функции исполнительного органа или руководителя коллегиального исполнительного органа государственного предприятия на праве хозяйственного ведения с наблюдательным советом в области здравоохранения», наблюдательный совет Коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Высший медицинский колледж» Управления общественного здоровья города Алматы объявляет конкурс на занятие должности руководителя (директора) с 22-го июня 2023 года.

Местонахождение, почтовый адрес, телефон, электронный почтовый адрес:  г. Алматы, улица Чайкиной 12А, телефон 8/727/387-10-11, e-mail: acollege@yandex.kz

Краткое описание основной деятельности: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Высший медицинский колледж» Управления общественного здоровья города Алматы является учебным заведением технического и профессионального образования Республики Казахстан. Колледж осуществляет образовательную деятельность по 7 медицинским специальностям:

  • «Сестринское дело»;
  • «Лечебное дело»;
  • «Лабораторная диагностика»;
  • «Фармация»;
  • «Стоматология»;
  • «Стоматология ортопедическая»;
  • «Гигиена и эпидемиология».

Колледж имеет Учебно-методический центр, который осуществляет повышение квалификации медицинских работников. 

Основные должностные обязанности руководителя:

Руководит производственной, финансово-хозяйственной деятельностью организации здравоохранения, несет ответственность за принимаемые управленческие решения, сохранность и эффективное использование имущества организации, а также за результаты финансово-хозяйственной деятельности.

Определяет политику, стратегию деятельности организации и механизм ее реализации. Обеспечивает внедрение новых и совершенствование существующих организационных форм и методов работы персонала, направленного на дальнейшее повышение эффективности и качества оказываемой диагностической, лечебной и профилактической помощи, повышение качества и конкурентоспособности оказываемых услуг.

Обеспечивает эффективное взаимодействие структурных подразделений организации, направляет их действия на развитие и совершенствование оказываемых медицинских услуг.

Несет персональную ответственность за соблюдение антикоррупционного законодательства, и принятию мер по недопущению проявлений коррупции со своей стороны и подчиненных ему лиц.

Принимает меры по обеспечению организации квалифицированными кадрами, рациональному использованию их профессиональных знаний и опыта, созданию безопасных для жизни и здоровья условий труда, формированию благоприятной психологической атмосферы в коллективе. На основе анализа деятельности организации и оценки показателей его работы принимает необходимые меры по улучшению форм и методов работы организации. Обеспечивает на основе принципов социального партнерства разработку, заключение и выполнение коллективного договора, соблюдение трудовой дисциплины, способствует развитию трудовой мотивации, инициативы и активности работников.

Координирует работу по изучению и оценке санитарно-эпидемиологических ситуаций, определяет приоритетные факторы неблагоприятного воздействия на здоровье человека. Принимает действенные меры по улучшению санитарно-эпидемиологической ситуации.

Организует оперативный и лабораторно-инструментальный контроль и надзор за проведением гигиенических и противоэпидемических мероприятий, за соблюдением санитарных правил и норм и гигиенических нормативов.

Обеспечивает соблюдение требований медицинской этики, законности в деятельности организации, в том числе в вопросах финансово-хозяйственного управления, укрепления договорной и финансовой дисциплины, регулирования социально-трудовых отношений.

Осуществляет прием и увольнение работников. Заключает договора, совершает сделки с физическими и юридическими лицами. Издает по вопросам своей компетенции распоряжения и приказы, обязательные для всех работников.

Представляет организацию в государственных органах, организациях и суде. Обеспечивает выполнение медицинской этики, требований внутреннего трудового распорядка, технической эксплуатации приборов, оборудования и механизмов, соблюдение противопожарной безопасности, безопасности и охраны труда, санитарно-эпидемиологического режима. Обеспечивает своевременную отчетность организации.

Требования к участникам конкурса:

  • высшее образование по направлению подготовки «Здравоохранение», свидетельство о прохождении повышения квалификации (переподготовке) по специальности «Менеджмент здравоохранения» («Общественное здравоохранение») и (или) свидетельство (или сертификат) о присвоении квалификации по соответствующей специальности;
  • либо высшее образование по направлению подготовки «Здравоохранение», послевузовское образование по направлению подготовки «Здравоохранение», или «Бизнес и право» или степень ЕМВА или full-time (Фултайм);
  • либо высшее образование по направлению подготовки «Бизнес, управление и право» и послевузовское образование по направлению подготовки «Здравоохранение» или степень ЕМВА или full-time (Фултайм);
  • сертификат менеджера в области здравоохранения;
  • стаж работы на руководящих должностях не менее 3 лет.

 Необходимые для конкурса документы:

  1. заявление об участии в конкурсе;
  2. автобиография, изложенная в произвольной форме;
  3. копии документов об образовании;
  4. копия трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора, выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора либо другого документа, подтверждающего стаж работы;
  5. справка о состоянии здоровья по форме 075/у, утверждённая приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ -175/2020;
  6. справка Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан об отсутствии судимости.

Участник конкурса может представить дополнительную информацию, относительно его образования, стажа работы, уровня профессиональной подготовки (копии документов о повышении квалификации, присвоении учёных степеней и званий, научных публикации, а также рекомендации с предыдущего места работы).

Для участия в конкурсе необходимо представить документы в электронном виде на электронную почту: acollege@yandex.kz, до даты окончания приёма документов.

Оригиналы документов необходимо представить не позднее чем за один час до начала собеседования. При их непредставлении, лицо не допускается к прохождению собеседования.

Дата начала и окончания приема документов: дата начала приёма документов начинается со дня размещения объявления о проведении конкурса и заканчивается по истечении 15-и календарных дней со дня объявления о проведении конкурса в официальных изданиях средств массовой информации или на интернет – ресурсах уполномоченного органа в области здравоохранения, уполномоченного органа соответствующей области (местного исполнительного органа).