2025 жылы 22 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-нің 1 және 2 курс студенттері «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты қалалық челленджге белсене қатысты.
Челлендж қатысушылары «Менің отбасым – менің байлығым» тақырыбында қысқаша бейнероликтер түсіріп, өздерінің ең жақын жандары – отбасына деген сүйіспеншілігі мен жылуын білдірді.
Бүгінде Қазақстанда отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі және кешенді жұмыс жүргізілуде. Отбасы – қоғамның негізгі іргетасы ретінде әрдайым ұлттық құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтар сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың маңызды факторы болып қала бермек.
Біздің Колледжде де жыл сайын отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп келеді:эссе байқауы, кураторлық сағаттар, ашық тәрбие сабақтары және т.б.
