kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Өрт және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар

2025 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қызметкерлері үшін «Өрт және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Мақсаты: жеке қауіпсіздік пен басқа адамдардың қауіпсіздігіне жауапты қатынасты қалыптастыру.

Түсіндіру жұмыстарын колледждің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі маманы Молдагулов Ерлан Орысбаевич жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді. №3 ЦӘК «Клиникалық пәндер», сондай-ақ №5 ЦӘК «Мейіргер ісі» оқытушылары үшін өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқаулық өткізілді.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдың 10 қарапайым ережесі:

  1. Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз.
  2. Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
  3. Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз.
  4. Сенімді, берік баспана табыңыз: егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, күрделі, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз.
  5. Бөлмеден шығыңыз (көп қабатты үйлерде, сілкініс тоқтатқаннан кейін).
  6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
  7. Алдын ала дайындалған дабыл чемоданын алыңыз.
  8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз.
  9. Қайта сілкініске дайын болыңыз.
  10. Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.

Мұндай оқыту Колледжде үнемі жүргізіледі. Өрт немесе жер сілкінісі кез-келген уақытта болуы мүмкін және адам оның эпицентрінде өмір сүре ала ма, жоқ па, бұл көбінесе қауіпсіздік техникасы мен өрт пен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар ережесін білуге байланысты.