kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Sanaly Urpaq» студенттік клубының концерті

09.12.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Sanaly Urpaq» студенттік клубының концерті өтті.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін 09.12.2003 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы жарияланды. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып, 1998 ж. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негіздерін, принциптері мен әдістерін айқындады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қудалауға бағытталған құқықтық шараларды қолданумен ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтық сана деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру бойынша алдын алу жұмыстарымен де байланысты.

«Sanaly Urpaq» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы Колледжде 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тұрақты негізде көптеген іс-шаралар өткізіледі: сауалнамалар, плакаттар мен эсселер байқаулары, пікірталас турнирлері, дөңгелек үстелдер, кураторлық сағаттар, дәрістер және т.б.

Концерт студенческого клуба «Sanaly Urpaq», посвященный международному дню борьбы с коррупцией

09.12.2024 г. в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г.Алматы состоялся концерт студенческого клуба «Sanaly Urpaq», посвященный международному дню борьбы с коррупцией.

Международный день борьбы с коррупцией был провозглашён Генеральной Ассамблеей ООН 09.12.2003 г. Казахстан первый среди стран СНГ, в 1998 г. принял закон «О борьбе с коррупцией», который определил основы, принципы и методы противодействия коррупции.

Борьба с коррупцией заключается не только в применении правовых мер, направленных на преследование за совершение коррупционных правонарушений, но и в превентивной работе по повышению уровня правосознания граждан, антикоррупционном воспитании и образовании.

Студенческий антикоррупционный клуб «Sanaly Urpaq» существует в Колледже с 2019 г. В учебном заведении на регулярной основе проводятся множество мероприятий с целью формирования антикоррупционной культуры и предупреждения коррупции: анкетирование, конкурсы плакатов и эссе, дебатные турниры, круглые столы, кураторские часы, лекции и др.