kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тақырыбында дебат турнирі

2025 жылғы 7 қазанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК-да 1 курс студенттері арасында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тақырыбында дебат өтті.

Студенттер өздерінің ой-өрісін шыңдап, білім мен білектің маңыздылығын талқылап, сенімді аргументтерін ортаға салды. Бұл шара жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және қоғамдық сөйлеу шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Осындай қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар жалғасын таба береді деп сенеміз.