2025 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1-курс студенттеріне арналған «Достық заңынан асқан заң жоқ!» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен мотивациялық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, мәдениеттердің алуан түрлілігіне құрметпен қарауды қалыптастыру және ұлтаралық төзімділікті нығайту.
Кездесудің құрметті қонақтары:
• Оспанов Болат Мусагажинович – Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі;
• Барақбаев Айтулған Жұмаханұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тарихшы, ғалым;
• Шихотов Владимир Семенович – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі филиалының төрағасы, Ақсақалдар кеңесінің және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Колледж студенттері қазақ классиктерінің өлеңдерін оқып, музыкалық шығармаларды орындаған жарқын әдеби-музыкалық бағдарлама ұсынды.
Біздің колледж қоғамдық келісімді, ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты толық қолдайды. Қазақстан – 120-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ шаңырақ. Біз тек бірлікте ғана дамуға және келісім мен гүлденуге жете аламыз.
