2025 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Алматы қаласының күніне орай ашық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер Алматы қаласы туралы қызықты деректермен бөлісіп, шара соңында қаланың тарихы мен дамуы туралы баяндайтын деректі фильм көрсетілді.
Алматы — еліміздегі ең ірі қала, және шамамен 70 жыл бойы Қазақстанның астанасы болған. Қазіргі таңда Алматыны жиі «Оңтүстік астана» деп атайды, себебі экономикалық, қоғамдық және мәдени өмірдің қарқыны бойынша бұл — нағыз мегаполис. Қала архитектуралық ескерткіштерімен және көркем табиғатымен де танымал.
Біздің колледждің студенттері Алматыға деген сүйіспеншіліктерін нақты істерімен дәлелдеп келеді: экологиялық акцияларға қатысып, қалалық алаңдарда тұрғындар мен қонақтарға арналған шығармашылық және би өнерлерін көрсетуде.
Барша алматылықтарды және қала қонақтарын Алматы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сүйікті қаламызға өркендеу мен гүлдену тілейміз!
#адал_азамат #біртұтас_тәрбие
