Құрметті 1 курс студенттері!
Сіздерді шығармашылық қабілеттеріңізді дамыту, бос уақытты тиімді өткізу және жаңа достар табу мақсатында колледжімізде 16 түрлі студенттік клубтар жұмыс жасайды, олардың ішінде: театр, аспаптық, вокалдық, хореографиялық, пікірсайыс клубы, «Анатомия», «КВН» клубтары және т.б. Әрбір студенттік клуб өз бағыттары бойынша қызықты іс-шаралар өткізеді.
Сіздерді біздің студенттер қауымдастығының бір бөлігі болуға шақырамыз, қосылыңыздар!
Барлық тілек білдірушілерді тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің кабинетінде күтеміз — 2 қабат, № 208 кабинет.

