kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні!

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның барша қызметкерлері және білім алушылары 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!