«Жасыл шырша аясында…»
23 желтоқсан күні Алматы медицина колледжінде колледж мұғалімдері мен студенттері дайындаған 1 курс студенттерне арналған «Жасыл шырша аясында…» атты жаңа жылдық студенттік іс-шара өтті. 1 курс студенттері бұл мерекені Алматы қаласының мыңжылдығы, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін алғаш рет колледж қабырғасында тойлағандай, бұл мерекені де өздерінің курстастарымен, болашақ әріптестері-медициналық қызметкерлермен бірге қарсы алды.
Жаңа жыл саяси өзгерістерге де, экономикалық тоқырауларға да қарамай аталып өтілетін мереке. Жаңа Жыл – бұл ғасырлар дәстүрі.Ол барлық балалардың асыға және қызыға күтетін сүйікті мерекесі.
Жаңа жылды біз дәстүрлі түрде отбасымызбен шыршаны безендіріп, сыйлықтар сатып алып, қонақтарға арналған мерекелік дастархан жайып қарсы аламыз.
Сонымен қатар, тағы бір тамаша дәстүр - жаңа жылды курстас достарыңмен қарсы алу.
Жаңа жылдық мерекелік кеш жай ғана кеш емес, ұжымды ынтымаққа, бірлікке, айналасындағыларға оң көзбен қарауға, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға ықпал ететін бірден-бір мереке.
Мерекелік кешті 1 курс студенттері жаңа жылдық тамаша көңіл күймен өткізді. Көптеген балалар маскарадты костюм киіп жүрді. Олар қуана-қуана мерекелік жарыстар мен ойындарға үлкен белсенділікпен қатысты.
Мерекелік кеш көптен күткен би кешімен аяқталды.