Колледждегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – дүниетанымдық мүмкіндігі зор, кәсіптік, интелектуалдық және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, әлеуметтік белсенділігі мол, денсаулығы шыныққан, кәсіптік бағыттылығы мен кәсіптік құзіреттілігі орныққан, кәсіби және мәдени бейімделген болашақ маман тұлғасын даярлау болып табылады.

Азаматтық – патриоттық тәрбие - студенттер бойына азаматтық қасиеттерді, адам бостандығы мен құқықтарын құрметтеу, қоршаған ортаға, Отанына, отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін дарытатын тәрбиенің  ең маңызды бағыты болып табылады.

Рухани адамгершілік және құқықтық тәрбие мақсаты – студенттерді өмірде қажет болатын жалпы адамзат құндылықтарына, ұлттық дәстүрлермен бастауларына тарту үшін мінез – құлық нормаларын қалыптастыру, кәсіптік этика мен абырой бағытында тәрбиелеу, болашақ медицина қызметкерлері бойына мейірбандылық, қайырымдылық, кішіпейілділік, ықыластылық және гуманистік қасиеттерін дарытып тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие - колледж жұмысының негізгі бағыттарының бірі.  Басты міндеттері студенттер бойына құқықтық тәрбие қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, Отан сүйгіштікті, белсенді өмір қағидасын тәрбиелеу болып табылады.

 

Кәсіби шығармашылық тәрбиенің негізгі мақсаты - студенттер бойына болашақ мамандығын бағалай білу сезімін, азаматтық белсенділікті құзіреттілікті қалыптастыру, кәсіби даярлық сапасын арттыру және маман үлгісінің тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыру.

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – өзінің басты мақсаты етіп салауатты өмір салтын, тиімді кәсіби қызметі үшін жас адамға қажетті психикалық шыдамдықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды міндеттейді.

Қоғамдық және эстетикалық тәрбие - қоғамдағы ағымға сәйкес көркем және музыкалық мәдениет арқылы, ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтарға, рухани ізгілікке қалыптастыру.

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КОЛЛЕДЖДІҢ ІШКІ ТӘРТІБІ

  1. Оқу жылы 1-қыркүйектен басталады.
  2. Сабақ 3 ауысымда өткізіледі:

1-ауысым – сағ. 08:00 – 14:00

2-ауысым – сағ. 13:20 – 18:20

3-ауысым – сағ. 17:00 – 20:00

  1. Топ басшысы:
  • сабақ басталмас бұрын топтың оқу журналын алып;
  • сабақ аяқталған соң бөлім меңгерушілеріне өткізеді.
  1. Кезекші оқушылар:
  • сабақтан 10 минут бұрын келіп, дәрісхананы тексеріп, сабаққа даярлайды;
  • ұйымдастыру жұмыстарын топпен жүргізеді.
  1. Студенттердің міндеттері:
  • таза бір түсті жейде, қара шалбар немесе юбканы құрайтын киім үлгісі болуы тиіс;
  • бет әлпеті, шашы жинақы; тырнақтары алынған, таза болуы тиіс;
  • колледжде жеке заттарына студенттердің өздері жауапты;
  • оқу жылының соңында барлық студенттер оқулықтарын кітапханаға өткізуі тиіс.
  1. Сабақ кезінде дәлізде шулауға;
  • қатты дауыс шығаратын техниканы қолдануға;
  • қымбат бағалы әшекей бйұымдар тағып келуге;
  1. Ғимаратта және колледж аймағында
  • сағыз шайнауға, шемішке шағуғу;
  • шылым шегуге рұқсат етілмейді.
  1. Колледжге мас күйде келген;
  • құмар ойындар ойнаған;
  • есірткі пайдаланған;
  • алыпсатарлықпен айналысқандығы

дәлелденген жағдайда ескертусіз оқудан шығарылады.

  1. Колледждің қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажет:
  • оқу корпусының ішінде немесе баспалдықтың бойымен жүгіруге тыйым салынады;
  • балконға шығуға тыйым салынады;
  • баспалдақ қоршауының үстіне шығуға тыйым салынады.

Бұл ережелерді бұзып, студент өзіне немесе басқа студенттің өміріне қауіп төндірген жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алады. ескертусіз оқудан шығарылады.