kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Blog

Республикалық домбырашылар челленджі

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, Елбасының бастамасымен домбыраны ұлықтау мерекесін өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұйымдастырылып отырған республикалық домбырашылар челленджін қолдаймыз. Сол себепті, колледжіміздің аспаптар клубының мүшелері Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйін орындады. Бұл күй қазақтың сұлу қыздарының жиынтық бейнесі туралы. «Қазақ қыздары қандай […]

Ұлттық спорт ойыны арқан тарту

Ұлттық спорт күнін мерекелеу аясында 2024 жылғы 19 наурызда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК – да ұлттық спорт ойыны арқан тарту өткізілді. Арқан тарту – ұлттық ойын. Арқан тартыс ойыны адамдарды шымырлыққа, ептілікке үйретеді. Дененің қимыл-қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрінен кем түспейді. Сонымен бірге балалардың зердесін дүние-танымын кеңейтетін бірден-бір ойын. Қазақ халқы […]

Қайырымдылық күні

«Ayalaiq» еріктілер клубының студенттері, Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК  оқытушылары Б.Р.Давибаева, Г.А.Нышанованың жетекшілігімен қаламыздың, Медеу ауданында тұратын еңбек ардагерлерінің бірінің үйіне барды. Студенттер үйдің ауласын тазартуға және отын жарып, жинауға көмектесті. Бұл акция қайырымдылық күнін мерекелеу аясында өткізілді. Бұл күн бүкіл ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімділікке және тату көршілікке арналған. Осындай акциялар мен […]

ҚР Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні

18.03.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да ҚР Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Өткеннің мұрасы, дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, тілі, өмір салты-ұлттың мәдени-генетикалық кодын бейнелейді. Қазақ халқының дәстүрлері сан алуан және әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Кейбір дәстүрлер өмір сүрудің тәжірибелік дағдыларын дамытуға көмектесті, басқалары қасиетті мағынаға […]

«Нағыз Қазақ – Домбыра»

2024 жылдың 15 наурызында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК аспаптар клубы студенттері «Нағыз Қазақ – Домбыра» атты дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Мақсаты: домбырадан таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағы, сарқылмас қазынасы. Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға […]

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ӨЗГЕРГЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ресми электрондық пошта мекенжайының өзгергені туралы хабарлайды. Жаңа электрондық пошта мекенжайы: info@vmkalmaty.kz Электрондық хаттар мен сұраныстарды жаңа мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Колледж – менің екінші үйім»

12.03.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК іргетасының құрылғанына биыл 43 жыл толуына орай «Колледж – менің екінші үйім» атты іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты: колледждің құрылу тарихын білімгерлер білсін деген мақсатта ұйымдастырылды. Бүгінгі қонақта колледждің алғашқы ұстазы, білікті маман, ардагер ұстазымыз Карбаева Майране Сейдахметовна өз естеліктерімен бөлісті. МІ 23-7 топ студенттері Жасұзақ […]

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

07.03.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ерлер ұжымы «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған концерттік бағдарлама дайындады! Біз әрқашан көктемді оянумен, өмірдің қайта туылуымен, қуанышпен, күлкімен, жаңа үміттермен байланыстырамыз. Сондықтан әйелдеріміз бізге өмір сыйлайды, оны жылулықпен, қуанышпен және бақытпен толтырады, балаларымыздың өмірін жалғастырады, бізді қамқорлық пен жылулықпен қоршайды. Бұл мереке […]

Мержан Мирзашов – армрестлингтен ҚР чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Массажист» біліктілігі, “Мейіргер ісі” мамандығының 22-18 топ студенті – Мержан Мирзашов армрестлингтен ҚР чемпионатына қатысты. Жарыс 2024 жылғы 03-06 наурыз аралығында Тараз қаласында өтіп, онда тірек-қимыл аппараты мен көру мүшелері зақымданған спортшылар бақ сынасты. Мержан Мирзашов 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шығып, […]

“Фуд зертхана”

2024 жылдың 5 наурызында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да “Фуд зертхана” білім беру жобасына қатысушы студенттерге арналған тренинг өтті. Осы жоба аясында колледж білім алушылары мектептерге барып, бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтануға арналған арнайы сабақтар өткізеді. Білім алушылар оқушылармен бірге интерактивті форматта өнімдердің пайдалы қасиеттерін растайтын ғылыми тәжірибелер өткізеді. Оқушыларға тәлімгер болу […]