Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – тұтынушыларға  медициналық көмекті көрсету бойынша құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру шаралар кешені.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) Қазақстанның барлық азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебеге, тұратын жеріне және кірісіне қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке тең дәрежеде қатынауды кепілдік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына төлемдер мен аударымдар бар болған жағдайда МӘМС жүйесінде азаматтардың медициналық көмекті алуға құқығы бар.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы қандай медициналық көмек алады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:

  • алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
  • алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
  • уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
  • алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда).

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлемдер

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

Төлемдерді төлеуден босатылады