Оразова Айжан Калимовна
             Әдіскер

Колледждің  әдістемелік қызметі

Әдістемелік тақырыбы: «Оқу процесін жетілдіру жолдарының бірі ретінде инновациялық  технологияларды  қолдану»

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

Әдістемелік қызметтің негізгі міндеттері:

  • Педагогтардың өз жұмыс практикасына енгізуі мақсатында оларды білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім және тәрбие беру технологиялары, ғылымдарының жетістіктері туралы жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
  • Бітірушілерді даярлау сапасын бағалаудың кешенді жүйесін қалыптасыру;
  • Барлық оқу сабақтарының әдістемесін жетілдіру, өткізу тиімділігін арттыру;
  • Оқытылатын пән саласындағы білімдерді жаңарту және жетілдіру;
  • Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңа буын МЖМБС талаптарына сай жетілдіру;
  • Ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жай-күйіне, педагогика, психология талаптарына жауап беретін пәндер бойынша оқу құралдары мен басқа да оқу –әдістемелік материалдарды дайындау және басып шығару;
  • Озық педагогикалық тәжірибені айқындау, жалпылау және тарату;
  • Педагогтарды аттестаттауды ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • Студенттердің шығармашылық және өздік жұмысын жетілдіру.

 Әдістемелік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы

-оқу –әдістемелік кеңес;

-циклдік  әдістемелік комиссиялар;

-«Жас педагог» мектебі;

-«Инновациялық технологиялар» мектебі;

Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары

Әдістемелік кабинеттің мақсаты: Оқытушылардың кәсіптік біліктілігін жетілдіру және өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету;

Әдістемелік кабинет мақсаттарын  іске  асыру үшін келесі міндеттерді шешеді:

  • Оқытушыларға кәсіптік қызметін жүзеге асыруда оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету және олардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
  • Замануи білім беру технологияларын, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, тарату және енгізу;
  • Оқу үдерісін жүргізу үшін білім беру бағдарламаларын, оқулықтар, оқу-әдістемелік және оқу құралдарын, әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптау және оларды баспаға дайындау

Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары:

  • Білім беру үдерісін кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді құру және жаңарту;
  • Оқытушыларды педагогикалық, медициналық және ғылыми-әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен таныстыру;
  • Замануи әдістемелерді және жаңа педагогикалық оқыту технологияларын зерделеу, жүйелеу және енгізу;
  • Оқытушылардың біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлауды ұйымдастыру;
  • Білім алушылардың және оқытушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру;
  • Редакциялық-баспа қызметін ұйымдастыру;
  • Әдістемелік қызметінің тиімді жұмысы үшін нормативтік және құқықтық құжаттама әзірлеу;
  • Педагогикалық, дидактикалық және басқа да мәселелер бойынша топтық және жеке консультациялар ұйымдастыру.
  • Білім беру мен тәрбиелеу қызметі түрлері бойынша ең жақсы әдістемелік құралдарды жинақтау мен жүйелеу.