Алматы Медициналық колледжі

Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі Т.Ш. Шармановпен 20.02.81 жылы КСРО жоғары оқу орындары Министрлігі алқасының шешімі негізінде «Алматы қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерін орта медициналық кадрлармен толықтыруды жеетілдіру мақсатында» Алматы қаласында Қалалық медициналық училищесін ашу туралы бұйрық шықты. 1981/82 оқу жылына қабылдау жоспары бойынша оқушылардың саны 540 адам болды,оның 201-ы кешкі оқу бөліміне қабылданды.

 

 

ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы компартиясының Совет аудандық комитеті училище директоры лауазымына медицина ғылымының кандидаты, Республикалық медицина училищесінің тәжірибелік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Қалқаман Аяпұлы Аяповты бекітті.

Училищенің оқу корпусын Алматы қаласының орталығындағы Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы ескі ғимаратқа орналастыратын болып шешілді. Осындай сәулет есткерткішінің пайда болу тарихы есте қаларлықтай. Бұл ғимарат о  бастан- ақ үлкен адамгершілік жүкті арқалаған еді, себебі бұл үй 1887 жылы Верный қаласын (сол кезде қала деп аталатын) қиратқан жер сілкінісінен кейін жетім қалған балалар мен кедек отбасының балалары үшін қайырымдылық мақсатында салынған болатын.Алматы қалалық атқару комитетінің 1979 жылы 4 сәуірдегі Алматы қалалық атқару комитетінің 1979 жылы 4 сәуірдегі № 139 шешімімен ғимарат Қазақ ССР тарихы және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді.

Училище өзінің алғашқы он жылдығын Кеңес дәуірі кезеңінде өткізді.

Қазақстан Республикасы егемендігінің алғашқы жылдарында мейірбике ісі мамандарын дайындау жүйесіндегі өзгерістербойынша шығарылған жоспарларды іске асыруға кірісті. Алматы әкімшілігінің басшысы З.К. Нұрқаділовтың шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі В.Н. Девятко Алматы медициналық училищесін Қалалық медицина колледжі ретінде қайта құру жөнінде бұйрық шығарды. Бұл Қазақстан Республикасындағы тұңғыш медициналық колледж болды.

Республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында басқа елдердің оқу орындарымен серіктестік қатынас орната бастады. Тусон (АҚШ) қаласы мен Алматы туыстас қалаларға айналды. Келісім- хаттама негізінде осы екі қаланың арасында бірнеше медицина мекемелері серікткстікке кірді, оның ішінде біздің колледж де бар. 1993 жылдың қарашасында басталған біздің серіктестік қарым- қатынасымыз кадрларды дайындауды жақсартуға, мейірбике ісін реформалауға, оқыту бағдарламасын өзгертуге, оқытуға жаңа пәндерді енгізуге, колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмектесті.

Тусонда біздің оқытушыларымыз бірнеше рет тәжірибе жинақтаудан өтті, Аризон университеті мен Пима-колледжіндегі медицина кадрларын даярлау жүйесімен танысты.

Ұжым құрған мейірбикелерді дайындаудың төрт деңгейлік жоспар-бағдарламалары функционалдық міндеттері кеңейтілген әртүрлі біліктіліктегі жаңа кадрларды дайындауға мүмкіндік берді. Біз алғашқы рет мамандандырылған мейірбике және мейірбике ісінің менеджер мейірбикесі (ұйымдастырушы), мейірбике көмекшісі деген біліктілігі бар кадрларды даярлай бастадық.

Акушерия мен гинекология,сонымен қатар шұгыл және жедел терапия саласындағы мамандандырылған мейірбикелердің алғашқы түлектері 1995 жылы бітірді. Осы жылы Сорос қорының жиырма сегіз мың доллпр көлеміндегі грантын ұтып алды, оған оқу үрдісіне қажетті жабдықтар сатып алынды. Ал Америкалық денсаулық сақтау ісінің халықаралық одағы жиырма төрт мың доллар сомасы көлеміндегі қажетті жабдықтармен, әдебиеттермен көмек қолын созды.

Еліміздегі медициналық колледждер өміріндегі өте маңызды оқиғалардың бірі 1995 жылы маусым айында Израиль мемлекетіндегі «Машав» білім беру орталығының қатысуымен оқытушылар үшін Алматы медициналық колледжі ұйымдастырған халықаралық курс болды. Орыс тілін меңгерген Израильдің екі оқытушысы оқытушыларды оқытудың белсенді әдістерімен таныстырып, коссуникация саласында мастер-класс көрсетті.

Шетелдік оқу орындарымен жасасқан біздің серіктестік қатынасымыз оқу бағдарламаларын жетілдіруде одан әрі дамыды. 1996 жылы Америкалық әріптестер біздің дайындаған менеджер-мейірбикелерге талдау жасады. Рочестер Университетінің (Нью-Йорк штаты) өкілдері мейірбике ісінің докторы Анн Мари Брукс, педагогика ғылымының докторы Тони Смит біздің қызметімізге оң бағасын берді.

1996 жылы менеджер- мейірбекелердің алғашқы бітірушілері (49 түлек) оқуларын аяқтады. Бітіру кешінде Тусон қаласынан жобаны үйлестіруші, доктор Эмили Дженкинс және Индия, Израиль, Ақш сыртқы істер министрлігінен қонақтар шақырылды. Осындай ғажап оқиға ұжымды рухтандырды, біздің еңбегімізге берілген жоғары баға ұжымның бұдан әрі жетілуіне ықпал етті.

Біздің оқытушылар Тусон қаласымен серіктес болуының арқасында Аризон университетіне, Пима-колледжіне барып, олардың жоспар-бағдарламаларымен танысып қайтты. Содан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С. Бейсенованың басшылығымен 3 және 4 курстар үшін оқыту бағдарламалары жасалды. Оқытуға жаңа пәндер: мейірбике ісіндегі менеджмент, әкімшілік үрдісі, дәстүрлі емес медицинаның, ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері, гериатрия және геронтология, психология, мәдениеттану, педагогика, әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру енгізілді. Колледжде тұңғыш рет қорытынды бақылаудың жаңа түрі-курстық жұмысты қорғау енгізілді.

1997 жылы америкалық әріптестердің серіктестігі арқасында Бүкіләлемдік электронды желі «Интернетке» қосылған оқу-ақпараттық орталығы ұйымдастырылды. «Интернет» жүйесінің қызметін колледж 5 жыл көлемінде пайдаланды.

Меірбике ісінің америкалық моделі бойынша мейірбикелерді даярлаудың 4 деңгейлі жүйесі 10 жыл бойы (1995-2006 жж.) жұмыс істеді. Осы жүйе негізінде келесі мамандықтар бойынша мейірбиелер дайындалды: мейірбике көмекшісі, жалпы тәжірибе мейірбикесі, мамандандырылған мейірбике,мейірбике- менеджер(мейірбике ісін ұйымдастырушы), жоғары білімді мейірбике.

Алматы медициналық колледжі жанынан Алматы қаласы Денсаулық сақтау Департаментінің 09. 02. 2007ж.  №96 бұйрығымен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бөлімі базасында Алматы қаласы орта медицина қызметкерлеріне дипломнан кейінгі қосымша білім беру Орталығы ұйымдастырылды.

2008 жылдың қыркүйек айынан бастап колледжді медицина ғылымының докторы, жоғары білікті дәрігер-хирург, денсаулық сақтау тәжірибесіндегі ұйымдастырушылық жұмысы бойынша зор тәжірибесі бар, оқу үрдісімен жақсы таныс, кең көлемде ғылыми білімнің иесі Д.А. Дәулетбаев басқарды.

2008ж. 25 қарашасында Алматы қаласы мейірбикелерінің «Білім мен инновациялық тәжірибенің дамуына сай мейірбике ісі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция жұмысының нәтижесі Алматы медициналық колледжі дамуының 2011 жылға дейінгі Бағдарламасын талдау болды.

  • Бағдарлама төмендегідей бағыттарда іске асырылады:
  • Оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру;
  • Материалды-техникалық және ақпараттық коммуникациялық жабдықтарды жақсарту;
  • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
  • Медициналық білім беру және емдеу мекемелерімен ықпалдастық орнату;
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.