Колледж миссиясы - тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің әрекеттегі және болашақтағы қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті мейірбикелік ісі мамандарын даярлау. Үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын ұсынып,  Алматы қаласының және жалпы республиканың денсаулық сақтау саласының ғылыми әлеуетін көтеруге, білімге негізделген қоғамды дамытуға елеулі үлес қосу.

Колледждің негізгі стратегиясы - білім берудегі озық технологиялар және мейірбикелік әлеуетті дамытуға арналған білім беру бағдарламалары толық қамтылған оқу орнының сапалық түрдегі жаңа деңгейін қалыптастыру.

Колледждің негізгі бағыттары:

- Кәсібилік және білім берудегі инновациялық қөзқарасқа негізделіп, маман даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;

- МЖМБС талаптарына сәйкес материалды-техникалық және оқу-әдістемелік базаны жақсарту;

- Жұмыс берушілерді оқыту үрдісіне қатыстыру мақсатында, дуалды оқыту технологиясын еңгізу арқылы Алматы қ. емдеу-профилактикалық мекемелерімен әлеуметтік серіктестікті дамыту;

- Халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру, дамыту және нығайту;

- ISO сәйкес СМЖ жетілдіру;

- Жалпы білім беру мектептерінде кәсіби бағдар беру қызметін талдау және жетілдіру.