Медбикелік күтім ауруханасы 1992 жылы 12 мамырда қала Әкімдігінің шешімімен ашылған  Қазақстан Республикасындағы бірінші және жалғыз медбикелік күтім ауруханасы болып табылады.

Алматы қаласы Әкімдігінің қаулысына сәйкес "Медбикелік күтім ауруханасы" 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ МКК "Медициналық колледж" қарамағына өтті.

МКА негізгі мақсаты:

Науқасқа бағдарланған  халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы мейірбикелік күтім көрсету, оның ішінде медициналық бақылау, күтім және кешенді симптоматикалық емдеу, сондай-ақ әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсету жатады.

Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес МКА, мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Білікті мейіргерлік және тұрмыстық күтім көрсетуді ұйымдастыру, науқастың күтім мәселелері бойынша туыстарын оқыту;

Егде жастағы және кәрі жастағы ,созылмалы аурумен ауыратын науқастарға сондай-ақ мүгедек науқастарға геронтологиялық көмек көрсету;

Кеш қалпына келтіру кезеңінде (миокард инфарктісі, инсульт, хирургия, травматология және т.б.) мейірбикелік күтімді қажет ететін науқастарға симптоматикалық және оңалту күтімін жүргізу;

Қоғамдық мүшелерді, діни ұйымдарды, қайырымдылық  және бірлестік ұйымдарын белгіленген тәртіппен медициналық көмекке тарту.

Медициналық қызметкер жүзеге асырады:

1) тәулік бойы науқастың денсаулығын медициналық бақылауда ұстау , ауруына байланысты асқынулардың  алдын алу үшін іс-шаралар  өткізу;

2) Науқастарға медициналық күтім жасау,сонымен қоса оларды күнделікті тексеру;

3) Науқастарға моральдық және психологиялық қолдау көрсету;

4) Әлсіз науқастарды тамақтандыру;

5) Медициналық рәсімдерді (дене температурасын, қан қысымын өлшеу, компресс қолдану, буып-таңу, жараларды өңдеу, клизмалар орындау,  және т. б.);

6)  Науқастардың денсаулығы нашарлаған жағдайда шұғыл көмек көрсету;

7) Дәрігер белгіленген кешенді симптоматикалық терапия;

8) Науқастарға санитарлық-гигиеналық көмек (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру тырнақ қию, шаш тарау , іш киім және төсек жабдықтарын ауыстыру) беру.

2005 жылдан бастап алғаш рет медбикелік күтім ауруханасында енгізілді:

  • Мейірбикелік ауру сырқаттамасы
  •  Науқасты қадағалау күнделігі
  •  Нақастарды бақылау картасы
  • 2016 жылдан бастап Бартель шкаласы бойынша науқастардың жағдайын бағалау

 

Бұның бәрі мейірбикелерге науқастардың жағдайын бағалауға, клиникалық ойлауды жетілдіруге, мейірбикелік диагнозды анықтауға және мейірбикелік көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Науқас пен жұмыс істейтін қызметкердің дене биомиханикасы мен денсаулығына негізделген дұрыс және эргономикалық күтімге үлкен көңіл бөлінеді.

Науқастар мен олардың туыстарына, сонымен қатар аурухана қызметкерлеріне білікті педагог-психолог маманы психоәлеуметтік қолдау көрсетеді.

Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде азаматтарға тегін кеңес беріп, қолдау көрсету үшін

Call-орталығы қызмет көрсетеді Call-орталығына «1424» нөмірі арқылы хабарласуға болады (республика бойынша қалалық телефондар және барлық ұялы телефон операторларынан қоңырау шалу тегін).

Қалалық медбикелік күтім ауруханасның әкімшілігі

ЕҚҚ ІА

Емдеушілерді қолдау қызметі (Ішкі аудит қызметі)

Алматы қаласының ДСБ Қалалық медбикелік күтім ауруханасы

Құрметті емдеушілер!

Егер Сізге көрсетілген медициналық көмекке көңіліңіз толмаса,

Қандай-да басқа сұрақтар туындаса төмендегі сенім телефоны  және кабинет арқылы өз сұрақтарыңызды шеше аласыздар

Сенім телефон:394-51-50  каб: № 1