Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Колледждің әдістемелік қызметі

Колледждің әдістемелік қызметі

Әдістемелік тақырып: «Оқу үрдісін жетілдіруде инновациалық технологияларды
оқу процесінде қолдану»
Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен білімін
жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру, педагогикалық процесстің
тиімділігі мен сапасын арттыру.

Әдістемелік қызметтің негізгі міндеттері:

– оқытушылардың білім беру саласын жаңа мазмұнымен, инновациялық білім беру және
тәрбиелік технологиялармен, озық отандық және шетелдік тәжірибе, өз жұмысының
тәжірибесіне енгізу мақсатындағы психология-педагогикалық ғылымның жетістіктерімен
жедел ақпараттандырумен қамтамасыз ету;
– түлектерді дайындау сапасын бағалаудың кешенді жүйесін қалыптастыру;
– әдістемені жетілдіру, оқытудың барлық түрлерінің тиімділігін арттыру
– оқылатын пәндер саласындағы білімді жаңарту және жетілдіру;
-жаңартылған МЖМБС-ға сәйкес оқу-жұмыс бағдарламасына да жаңартып, жетілдіріп
отыру;
– педагогика мен психология талаптарына жауап беретін, қазіргі ғылым мен техниканың
жай-күйіне сәйкес, пәндер бойынша оқу құралдарды және басқа да оқу-әдістемелік
материалдарды дайындау және басып шығару;
– озық педагогикалық тәжірибені тарату және анықтау, жалпылау;
– мұғалімдердің ұйымдастырушылық-әдістемелік аттестатциядан өтуін қамтамасыз ету;
– студенттердің өзіндік жұмыс және шығармашылық жұмыстарын жетілдіру.
Әдістемелік қызмет мыналардан тұрады:

– оқу-әдістемелік кеңесі;
– циклдік әдістемелік комиссиялар;
– жас педагог мектебі;
– инновациялық технологиялар мектебі.

Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары

Әдістемелік кабинеттің мақсаты: оқытушылардың кәсіби біліктілігі мен өздігінен білім
алу жағдайларын жетілдіруді қамтамасыз ету.

Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылды:

-оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қызметін жетілдіру үшін, педагог
қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету ;
– қазіргі заманғы білім беру технологияларын, озық педагогикалық тәжірибелерді
зерделеу, тарату және енгізу;
– Білім беру бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-тәрбие
үрдісіне арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге, сараптауға және оларды
жариялауға дайындау.

Әдістемелік кабинеттің негізгі бағыттары:

– білім беру процесін кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша құру және
жаңарту;

– педагогикалық, медицина қызметкерлерін педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиет жаңалықтарымен таныстыру;
– Заманауи әдістерді және жаңа оқыту технологияларын зерделеу, жүйелендіру және
енгізу;
– Студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
– Баспа қызметін ұйымдастыру;
– Әдістемелік қызметтің тиімді жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық құжаттарды
әзірлеу;
– Әдістемелік көрмелерді ұйымдастыру;
– педагогикалық-психологиялық, медициналық, дидактикалық білім беру және басқа да
мәселелер бойынша топтық және жеке консультациялар ұйымдастыру;
– Оқу және тәрбиелік қызметтің түрлері бойынша үздік оқу-әдістемелік материалдарды
жинақтау және жүйелеу.