Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Аурухана туралы

Медбикелік күтім ауруханасы қалалық әкімдіктің  шешімімен 1992 жылы 12 мамырда  ашылған медбикелік күтім бойынша алғашқы және жалғыз аурухана

Қазақстан Республикасында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес « қалалық медбикелік күтім ауруханас» 2016 жылдың 01 шілдесінен бастап Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «жоғары медицина колледжіне» қосылып қайта жаңғырды

МКА негізгі міндетері:

Халықаралық стандартарға сәйкес, медициналық бақылау,күтім және  терапиялық белгілер кешендері, әрі әлеуметтік-қалыпқа келтіру көмекпен қамтылған сапалы медбикелік комекке бағытталған пациенттер.

МКА өзіне жүктелген  міндетерге сәйкес келесі қызыметтерді атқарады:

Білікті медбикелік және тұрмыстық көмекті ұйымдастыру, пациент туысқандарын көмек көрсетуге үйрету.

Егде тартқан қарттық жастағы, созылмалы ауруларға ұшыраған, мүгедектігі бар пациеннтерге геронтологиялық көмек көрсету. Өткерген аурулары салдарынан медбикелік күтім мен қалыпқа келтіру кезеңінде пациенттерге симптоматиялық қайта оңалту терапиясын жүргізу.

Күтім көрсету үшін қоғамдық діни ұйымдар, қайырымдылық қоғамдар мен ассоцияциялар мүшелерін бекітілген тәртіп бойынша тарту.

Медициналық персонал келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1)Пациент денсаулығының жағдайын тәйлік бойы медициналық бақылау, асқынудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізу.

2)Пациенттерді медициналық күту, әсіресе күнделікті тексеру жүргізу.

3)Пациенттерді моральді-психологиялық қолдау.

4)Әлсіз пациенттерді тамақтандыру.

5)Медициналық процедуралар (дене қызуын, артериялық қан қасымын өлшеу, компресс қою, таңғыш салу, ойылуларды өңдеу, клизма қою және т.б.);

6)Пациенттердің денсаулығы жағдайы нашарлаған жағдайда жедел көмек көрсету;

7)Емдеу дәрігерінің тағайындауы бойынша сиптоматиялық терапия кешені.

8)Пациенттерге саитарлық-гигиеналық көмек (сүрту, шомылдыру, гигиеналық ванналар, тырнақ алу, шаш тарау, төсек орын мен іш киімдерін ауыстыру)

2005 жылдан бастап медбикелік күтім ауруханасында енгізілген шаралар:

  • Мейіпгерлік сырқатнама
  • Пациенттерді бақылау күнделігі
  • Ойылуларды бақылау картасы
  • Бартель шкаласы бойынша пациент жағдайын бағалау 2016 жылдан енгізілген.

Бұл шаралардың барлығы медбикелерге пациент жағдайын бағалауға, клиникалық ойлауына, медбикелік диагнозын анықтауға және медбикелік күтім сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пациент пен қызмет персонының денсаулығы мен дене биомеханикасына бағытталған дұрыс эргономикалық күтімге үлкен мән беріледі.

Пациенттермен олардың туысқандарына, медициналық персоналға психоәлеуметтік көмекті білікті педагог психолог көрсетеді.

Құрметті келушілер!

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министірліктің жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросында жемқорлыққа қарсы азаматтарды қолдау мен жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық туралы телефон хабарламаларын қабылдауға арналған тегін кеңес беруге арналған Call-центр жұмыс жүргізеді.

Call-центрге қоңырау шалу «1424» нөмері бойынша жүргізіледі.(телефон шалу қалалық телефондар мен ұялы телефондардың барлық операторларына республика бойынша тегін)

Қалалық медбикелік күтім ауруханасының әкімшілігі ПҚҚ мен САҚ

Пациенттерді қолдау қызметі (ішкі аудит қызметі)

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Медбикелік күтім ауруханасы

Егер сіздің көрсетілген медициналық қызмет сапасына көңіліңіз толмаса немесе стационарға келгенде басқа қиындықтар туындаса, Сіз Пациенттерді қолдау қызметіне №1 кабинетке бара аласыз, сенім телефоны 3945150