Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Колледж тарихы

Алматы медициналық училищесі

Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі Т.Ш.Шармановпен 26.02.81ж. КСРО жоғарғы оқу оқу Министрлігі алқасының шешімі негізінде «Алматы қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерін орта медициналық кадрлармен толықтыруды жетілдіру мақсатында» Алматы қаласында Қалалық медициналық училищесін ашу туралы 12.03.81ж. №141 бұйрығы шықты. 1981/82 оқу жылына қабылдау жоспары бойынша оқушылардың саны-540 адам болды,оның 210-ы кешкі оқу бөліміне қабылданды.

ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы компартиясының Совет аудандық комитеті училище директоры лауазымына медицина ғылымының кандидаты, Респубикалық медицина училищесінің тәжірибелік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Қалқаман Аяпұлы Аяповты бекітті.

Училищенің оқу корпусын Алматы қаласының орталығындағы Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы  ескі ғимаратқа орналастыратын болып шешілді.Осындай сәулет ескерткішінің пайда болу тарихи есте қарарлықтай.Бұл ғимарат  о бастан-ақ үлкен адамгершілік жүкті арқалаған еді, себебі бұл уй 1887 жылы Верный қаласын (сол кезде қала деп аталатын) қиратқан жер сілкінісінен кейін жетім қалған балалар мен кедей отбасының балалары үшін қайырымдылық мақсатында салынған болатын. Алматы қалалық атқару комитетінің 1979 жылы 4 сәуірдегі №139 шешімімен ғимарат Қазақ ССР тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді.

Училище өзінің алғашқы он жылдығын Кеңес дәуірі кезеңінде өткізді.

Қазақстан Республикасы егемендігінің алғашқы жылдарында мейірбике ісі мамандарын дайындау жуйесіндегі өзгерістер бойынша шығарылған жоспарларды іске асыруға кірісті.Алматы әкімшілігінің басшысы З.К.Нұрқаділовтың шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі В.Н.Девятко Алматы медициналық училищесін Қалалық медицина колледжі ретінде қайта құру жөнінде бұйрық шығарды (03.09.1992ж. №423 бұйрық).Бұл Қазақстан Республикасындағы тұңғыш медициналық колледж болды.

Республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында баска елдердің оқу орындарымен серіктестік қатынас орната бастады.Тусон (АҚШ) қаласы мен Алматы туыстас қалаларға айналды.Келісім-хаттама негізінде осы екі қаланың арасында бірнеше медицина мекемелері серіктестікке кірді (ЖМҚА-бас дәрігері А.Б.Биртанов, перинаталды орталық-директоры З.Д.Аманжолова,педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ-директоры проф. К.С.Ормантаев,№17 емхананың бас дәрігері А.С.Смаилов ),оның ішінде біздің колледж де бар.1993 жылдың қарашасында басталған біздің серіктестік қарым-қатынасымыз кадрларды дайындауды жақсартуға,мейірбике ісін реформалауға,оқыту бағдарламасын өзгертуге,оқытуға жаңа пәндерді енгізуге,колледждің материалдық-техникалық  базасын жетілдіруге көмектесті.

Тусонда біздің оқытушыларымыз бірнеше рет  тәжірибе жинақтаудан өтті, Аризона университеті мен Пима колледжіндегі медицина кадрларын даярлау жүйесімен танысты. Ұжым құрған мейірбикелерді дайындаудың төрт деңгейлік  жоспар-бағдарламалары функционалдық міндеттері кеңейтілген әртүрлі  біліктіліктегі жаңа кадрларды дайындауға мүмкіндік берді.Біз алғашқы рет мамандандырылған мейірбике және мейірбике ісінің менеджер-мейірбикесі (ұйымдастырушы), мейірбике көмекшісі деген біліктілігі бар кадрларды даярлай бастадық.Акушерия мен гинекология, сонымен қатар шұғыл және жедел терапия саласындағы мамандандырылған мейірбикелердің алғашқы түлектері 1995 жылы бітірді.Осы жылы Сорос қорының жиырма сегіз мың доллар көлеміндегі грантын ұтып алды, оған оқу үрдісіне қажетті жабдықтар сатып алынды. Ал Американдық денсаулық сақтау існің халықаралық одағы жиырма төрт мың доллар сомасы көлеміндегі қажетті жабдықтармен, әдебиеттермен көмек қолын созды.

Еліміздегі медициналық колледж өміріндегі өте маңызды оқиғалардың бірі 1995 жылы маусым айында Израиль мемлекетіндегі «Машав» білім беру орталығының қатысуымен оқытушылар үшін Алматы медициналық колледжі  ұйымдастырған халықаралық курс болды. Орыс тілін меңгерген  екі оқытушысы оқушыларды оқытудың белсенді әдістерімен таныстырып, коммуникация саласында мастер-класс көрсетті.

Шетелдік оқу орындарымен жасасқан біздің серктестік қатынасымыз оқу бағдарламаларын жетілдіруде одан әрі дамыды. 1996 жылы Америкалық әріптестер біздің дайындаған менеджер-мейірбикелерге талдау жасады. Рочестер университетінің (Нью-Иорк штаты) өкілдері мейірбике ісінің докторы Анн мари Брукс, педагогика ғылымының докторы Тони Смит біздің қызметімізге оң баға берді.

1996 жылы менеджер-мейірбикелердің алғашқы бітірушілері (49 түлек) оқуларын аяқтады. Бітіру кешінде Туссон қаласынан жобаны үйлестіруші, доктор Эмили Дженкинс және Индия, Израиль, АҚШ сыртқы істер министрлігінен қонақтар шақырылды. Осындай ғажап оқиға ұжымды рухтандырды, біздің еңбегімізге  берілген жоғары баға ұжымның бұдан әрі жетілуіне ықпал етті. Біздің оқытушылар Тусон қаласымен серіктес болуының арқасында Аризон университетіне,Пима колледжіне барып, олардың жоспар бағдарламаларымен танысып қайтты. Содан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Бейсекенованың басшылығымен 3 және 4-курстар үшін оқыту бағдарламалары жасалды. Оқытуға жаңа пәндер: мейірбике ісіндегі менеджмент, әкімшілік үрдісі, дәстүрлі емес медицинаның, ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері, гериатрия және геронтология, психология, мәдениеттану, педагогика, әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру енгізілді. Колледж тұңғыш рет қорытынды бақылаудың жаңа түрі – курстық жұмысты қорғау енгізілді.

1997 жылы америкалық әріптестердің серіктестігі арқасында Бүкіләлемдік электронды желі «Интернетке» қосылған оқу-ақпараттық орталығы ұйымдастырылды. «Интернет» жүйесінің қызметін колледж 5 жыл көлемінде пайдаланды.

Мейірбике ісінің америкалық моделі бойынша мейірбикелерді дайындаудың 4 деңгейлі жүйесі 10 жыл бойы (1995-2006 жж.) жұмыс істеді. Осы жүйе негізінде келесі мамандықтар бойынша мейірбикелер дайындалды: мейірбике көмекшісі, жалпы тәжірибе мейірбикесі, мамандандырылған мейірбике, мейірбике-менеджер (мейірбике ісін ұйымдастырушы), жоғары білімді мейірбике.

2006-2008 жылдары колледж директоры болған С.Т.Сейдуманов колледж ғимаратының сыртқы және ішкі түрін жаңартты.Өзінің жүз жылдық тарихында ғимарат бірнеше рет қайта жөндеуден өтті. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы мен колледж директоры С.Т.Сейдумановтың арқасында қаламыздың сәнді ғимараттарының бірі болып табылатын ағаш сәулет өнерінің тарихи ескерткішін қалпына келтіру үшін үлкен жұмыстар атқарылды.

Алматы медицина колледжі жанынан Алматы қаласы денсаулық сақтау Департаментінің бұйрығымен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бөлімі базасында Алматы қаласы орта медицина қызметкерлеріне дипломнан кейінгі қосымша білім беру Орталығы ашылды.

2008 жылдың қыркүйегінен бастап колледжді медицина ғылымдарының докторы, жоғары білікті дәрігер-хирург, денсаулық сақтау тәжірибесіндегі ұйымдастырушылық жұмысы бойынша зор тәжірибесі бар, оқу үрдісімен жақсы таныс Д.А.Дәулетбаев  басқарды.

2008 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласы  мейірбикелерінің «Білім мен инновациялық тәжірибенің дамуына сай мейірбике ісі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция жұмысының нәтидесі Алматы медицина колледжі дамуының 2011 жылға дейіенгі бағдарламасын талдау болды.

Бағдарлама төмендегідей бағыттарда іске асырылды:

  • Оқу-тәрбиелік және әдістемелің жұмыстарды жетілдіру;
  • Материалды-техникалық және ақпараттық-коммуникациялық жабдықтарды жақсарту;
  • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
  • Медициналық білім беру және емдеу мекемелерімен ықпалдастық орнату;
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.