Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Шағын футболдан колледжішілік жарыс

Бүгін, колледж әкімшілігінің қолдауымен және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Салауатты өмір салтын насихаттау”, жастар арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту мақсатында студенттер арасында шағын футболдан колледжішілік жарыс өтті. Жарыс Еліміздің әнұранымен ашылды. Ашылу салтанатына колледж директоры А.Қ.Оспанова және оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Л.Д.Алибекова ханым қатысып, жастарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Алиасқар Нұрлан “көк тудың желбірегені” әнімен және 18-07,18-15 топ студенттері жастар биімен әріптестеріне қолдау білдірді. Жалпы 18 команда қатысып, өзара іріктеліп, соңында нағыз жеңімпаздар анықталды. Үздіктердің үздігі болып, “үздік қақпашы” номинациясымен 3 курс студенті Жаппар Біләлқожа, “үздік ойыншы” номинациясымен 2 курс студенті Ешенқұл Диас, “үздік шабуылшы” номинациясымен 3 курс студенті Нұрлыбек Ерғанат марапатталды. Жарыс нәтижесінде 1 орын алған “Түлектер” командасы(16-15 топ), 2 орын 408 топ, 3 орын 17-16 топ студенттері атанды. Жеңімпаздар жеңіс кубогымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жастарымызға жалынды жігер мен табанды еңбек тілейміз. Жеңісті күндерде жүздескенше…