Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауына байланысты жоғары медициналық колледжде семинар өтті

 

2018 жылдың 5-ші  қазан Астана қаласы Ақордада өткен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауына» байланысты Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Жоғары медициналық колледжі» ұжымы арасында 2 күн қатарынан (10,11 қазан) студенттер мен мұғалімдер арасында жолдауды талқылап, пікір алмасты.

Семинарға 117 адам қатысты. Ойларын ортаға салып, жолдауды талқылады. Семинарға тәжірибелі оқытушыларымыз Абдрахманова Қалима Дәулетқызы мен Далибаева Ақмөр Нүсіпбекқызы Жолдау жөнінде қысқаша презентация  жасап, оны түсіндіріп өтті. Жиын соңында тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Файзуллин Мейрамбек Сарсенғалиұлы сөз алып қорытындылады: «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдына нақты міндеттер қойды. Қоғамдық денсаулық саласын басқаруды күшейтуді, салауатты өмір салтын насихаттауды, жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауды және нығайтуды тапсырды. Осыған орай, жолдаудың негізгі бағыттарының бірі  – «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» екенін ескерсек, медициналық кадрларды дайындап, денсаулық сақтау саласын қамтамасыз етіп және оларды сапалы қайта даярлаудан өткізілуі секілді міндеттемелерді орындауымыз керек. Сонымен қатар, болашақ мамандарды дайындауға үлкен септігін тигізетін, бар күш жігерін арнайтын мұғалімдер туралы да Елбасы сөз етті.  Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Ендеше оны тәрбиелейтін, жоғары деңгейге жеткізетін – ұстаз. Елбасының биылғы жолдауы үшін алғыс айтып, оның жүзеге асуы үшін ат салысатынымызды жеткіземін» деді.