Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Тұғыры биік – Тәуелсіздік

Кеше ғана колледжімізде Желтоқсаншылардың қатысуымен “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” атты мерекелік іс-шара өтті. Колледж директоры А.Қ.Оспанова Егеменді еліміздің үлкен мерекесімен құттықтады. Жиын барысында жас өнерпаздар “Желтоқсан желі”, “Туған жер”, “Қазақстаным”, “Атамекен” әндерін орындап, “Қазақ” биімен шашу тарту етті. Кеш қонақтары желтоқсаншылар Несіпкүл,Майра апайларымыз, Қайыркелді ағамыз кешегі естеліктерімен бөлісіп, жастарға рухани- патриоттық әңгімелерін айтып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады! Іс-шара барысында көптеген әріптестеріміз “Нұр Отан” партиясының алғыс хаттарымен, “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” атты өз шығармашылығымен үздік атанған жас ақынымыз Бакиева Перизат мақтау грамотасымен марапатталды. Туымыз көкте, елтаңбамыз төрімізде, әнұранымыз жүрегімізде тұрғанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!