Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

«Жүректен жүрекке…»

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Студенттік кеңес жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық тобы «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» болып, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлап қайтты. Жастарымыз жанарларына тұнған мұңды басып, жаңаша нұрды шашуға септігін тигізді. Балдырғандармен ән айтып, бірге би билеп, сиқырға толы көріністерімен таң қалдырып, көңілдерін көтеруге тырысты. Өмірге деген өзгеше көзқарастарын байқап, қадам басқан құлшыныстарын көріп, ерекше әсер алып оралды. Орталықтың директоры Нурбаева Светлана Муратқызына қолдау білдіргені үшін мың да бір алғыс айтамыз.