Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Тұңғыш Президент күні!

Бүгін колледжімізде, Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Тарих пәнінің оқытушысы Ақмөр Нүсіпбекқызының ұйымдастыруымен «Елбасым – елімнің мақтанышы» атты тәрбиелік мәні бар жиын болды. Колледжіміздің оқу – тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Алибекова Л.Д сөз алып, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Колледж кітапханашысы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы жазылған туындылармен таныстырып, қызықты ақпараттарымен бөлісті. Іс-шара кезінде Елбасы туралы бейнероликтер көрсетіліп, жастар жыр-шумақтарын, ұлттық би мен әндерін арнады.