Высший Медицинский Колледж КГП на ПХВ «Высший Медицинский Колледж»

Студенттер қатарына қабылдау – 2018

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Жоғары медициналық колледжі» студенттерінің «Студенттер қатарына қабылдау – 2018» салтанатты іс-шарасы

 

2018 жылғы 25 қазанда Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжі студенттерінің «Студенттер қатарына қабылдау – 2018» салтанатты іс-шарасы өтті. Салтанатты жиын Еліміздің Әнұранымен ашылып, құттықтау сөз, ант қабылдау және өнерпаздардың өнерлерімен жалғасын тапты.

Салтанатты кешке колледжіміздің оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Алибекова Ляззат Жәнібекқызы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Файзуллин Мейрамбек Сарсенғалиұлы, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Рахимбекова Тоғжан Құралбекқызы және «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі  Қисанова Назым Көкенқызы қатысып, құттықтау сөздерін жолдады.

Сонымен қатар, 1 курс студенттерінің ұстаздары мен ата-аналары кеш қонақтары болып қатысып, балаларының ресми түрде студент атануларымен құттықтап, өзара қуаныштарымен бөлісті.

«Студенттер қатарына қабылдау» кешінің керемет сәті  «Студеттік билет» пен «Сынақ кітапшасын» 1 курс студенттеріне Студенттік кеңес төрағасы Әлиасқар Нұрлан табыстады. Қабылдап алған 1 курс студенттері медицина саласындағы адалдығын айқындайтын «Анттарын» қабылдады.

Кеш жүргізушілері Сырлыбай Сымбат пен Икласов Жасұлан іс-шараны жоғары деңгейде өткізді. Талантты жастар ән салып, би билеп, «Ерекше» КВН тобы көпшіліктің көңілдерін көтерді.

Студенттер қатарына қабылдау кеші – студент үшін де, колледж үшін де маңызды іс-шара. Кеше ғана мектеп бітірген түлектер, бүгін өздерін Алматы қаласы «Жоғары медициналық колледжінің» студентімін деп мақтанышпен айта алады.